«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осы апта «Тәртіпсіз ел болмас» атты дәйек сөзі және «Заң және тәртіп» акциясы аясында мектебіміздің оқушыларына «Қоғамдық тәртіп ережелері» тақырыбында парақшалар таратылды. Оның негізгі мақсаты – балаларды қоғамдық тәртіп ережелері туралы ақпараттандыру, атап айтқанда:
Қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін және қалалық және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қатаң сақтау.
Үлкендерге сыпайы, қарттарға, мүгедектерге, кішкентай балаларға ілтипатпен қарау.
Мемлекеттік және қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау.
Көшелерде және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау.
Жолдастарды лайықсыз әрекеттерден тыю.
!!Қоғамдық орындарда бұзылуға болмайтын тыйымдар:
қоғамдық тәртіпті бұзатын рұқсат етілмеген көше шерулеріне қатысуға;
карта және басқа да кездейсоқ ойындар ойнауға, алкогольдік ішімдіктерді ішуге, көшелерде, бульварларда, алаңдарда, жағажайларда және басқа да қоғамдық орындарда сауда жасауға;
көшелерді, аулаларды, кіреберістерді және басқа да қоғамдық орындарды ластауға;
жасыл алқаптарды жоюға, көгалдар мен гүлзарларға, үйлер мен подъездердің қабырғаларына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және қоғамдық мүлікті бүлдіруге;
Дәліздерде, шатырларда және жертөлелерде топ болып жиналуға.
«Заң және тәртіп» акциясы#Біртұтас_тәрбие
