Қоғамдық құқықтық тәртіп бойынша бейнероликтер көрсету#Біртұтас_тәрбие

Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында осы аптаның «Тәртіпсіз ел болмайды» деген дәйексөзімен және «Заң және тәртіп» акциясы аясында қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері және жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.
10 сынып оқушылары үшін «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» әлеуметтік ролигі көрсетілді. Оқушыларға белгілі бір қылмыс үшін қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі еске салынды. Біздің кішкентай оқушыларымыз да назардан тыс қалған жоқ. 1 сынып оқушыларына қоғамдағы мінез-құлық ережелері бойынша танымдық мультфильм көрсетілді. Балалар бейнероликті үлкен қызығушылықпен көрді, содан кейін олар психологпен әңгімеге белсенді қатысты.

Қосымша ақпарат көздері