28 қаңтар 2025 жылы 7-сынып оқушыларына арналған «Қызықты математикалық үзіліс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, олардың дүниетанымын кеңейту.
Ойын «Ақылдылар» және «Білгіштер» атты командалық сайыс түрінде өтті. Іс-шараға дайындық барысында оқушылар жоғары белсенділік, шығармашылық, тапқырлық пен әзілқойлығын көрсетті. Олар алдын ала команданың атауын, ұранын ойлап тапты.
Балалар іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысты, өйткені оқу материалы олардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалды. Бір тапсырмадан екіншісіне ауыса отырып, оқушылар тек тыңдап қана қоймай, логикалық ойлау, тапқырлық және дербестік таныту мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілетін аша алды.
Сыныптан тыс іс-шара барысында ұжымдық, жеке және фронтальды жұмыс түрлері қолданылды.
Ойынға қатысу балалардың үлкен қызығушылығын тудырып, олардың көңіл-күйін көтерді. Сыныпта достық пен ынтымақтастық атмосферасы орнады.
Іс-шара «Білгіштер» командасының жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.