


2025 жылғы 6 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне 20 жыл толады.
Бұл датаны тойлау дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ЕСҰҚ) бастамасымен 2005 жылы басталды. Бұл идеяны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады. Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру мәселесіне халықтың назарын аударуға тырысты. Бұл күні сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттыруға бағытталған түрлі маңызды іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналды. СҚО Аққайың аудандық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес және Дүниежүзілік сайлау күні аясында «Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де «Сайлаушылар әліпбиі» интеллект-викторинасы өткізілді, оның мақсаты сайлау процесінде жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сайлаудың маңыздылығы мен өз таңдауы үшін жауапкершіліктің қажеттілігін түсіну, белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл іс-шараға 10-11 сынып оқушылары мен жас педагогтар белсенді қатысты.Ойын достық атмосферада, танымдық, серпінді және көңілді өтті. Оқушылар алынған ақпаратты белсенді талқылап, викторина сұрақтарына жауап берді. Ойын барысында балалар сайлаудың өтуі, сайлау құқығы және саяси процеске қатысудың маңыздылығы және жастардың ел болашағына үлес қосуы туралы көптеген жаңа, пайдалы нәрселерді білді. Аталған іс-шараға учаскелік сайлау комиссиясының өкілдері Л. Т. Кыдыкова, А. Т. Мұқатаева, Ж. С. Абдуалиева және тарих пәнінің мұғалімі Д.С. Веселов белсенді қатысты. Бұл күннің мақсаты-Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты хабардар ету, сайлаушылардың сайлау белсенділігін арттыру және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру.