Құрметті демалысқа шығарып салу

Смирнов №1 орта мектебінде 42 жылды мектепке арнаған құрметті педагог Сорокина Ирина Николаевнаны зейнетке шығару салтанатты іс – шарасы өтті. Кәсібіне адалдығы, мейірімділігі мен парасаттылығы үшін әріптестері, шәкірттері, ата-аналары шын жүректен алғыстарын білдірді. Жылы лебіздер, естеліктер, құттықтаулар айтылды. Оқушылар шығармашылық нөмірлер дайындап, кәсіподақ ұйымы мен мектеп әкімшілігі естелік сыйлықтар мен алғыс хат табыс етті.
Ирина Николаевнаға зор денсаулық, қуаныш және лайықты демалыс жылдарын тілейміз!
Смирнов №1 орта мектебінің кәсіподақ ұйымы.

Қосымша ақпарат көздері