


12 ақпанда Смирнов №1 орта мектебінің базасында Аққайың ауданының 9-11 сынып түлектері үшін Ж. Тілеулин атындағы СҚ- ның жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында студенттер колледждегі оқу процесі және түлектер алдында ашылатын перспективалар туралы айтып берді. Болашақ медициналық қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті және студенттер жеке әңгімелерімен бөлісті, оқушыларды медицина саласындағы болашақ мамандықты таңдауға шабыттандырды. Сонымен қатар, тілек білдірушілер жаңа білімдерін тәжірибе жүзінде тексере алды, атап айтқанда жүрек-өкпе реанимациясын, бұлшықет ішіне инъекцияны және т.б. Кәсіптік бағдар беру кеңесі түлектер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс- шара барысында өмірін осы кәсіппен байланыстырғысы келетіндердің көп екені анықталды.