





11-15 ақпан аралығында елордада ЭКСПО-да «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі ашылды. Іс-шара болашақ мамандар, жұмыс берушілер және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға арналған платформа болып табылады. Бұл мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара. 2025 жылғы 12 ақпанда Смирнов №1 орта мектебінің сегіз оқушысы Полтавка орта мектебінің екі оқушысы және Смирнов МГ – нан бір оқушысы осы іс-шараға қатысты. Фестиваль аясында 40 интерактивті көрме аймағы ұсынылды, онда 200-ден астам мамандықтармен танысуға және экономиканың түрлі салаларының ерекшеліктері туралы білуге болады. Балалар «Халықаралық салалық аккредиттеуден өту тәжірибесі туралы», «Кибердетективтер: хакердің ізімен», «Skat Airlines» ақ бортсерігінен, «ProfCit» инновациялық сессиясынан мастер-класстарға белсенді қатысып, «Арал, Балқаш: мәселелер және шешу жолдары»панельдік талқылауына және бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Зияткерлік ойындарда біздің облыстың оқушылары үздік болып, күнтізбелер, термос, шоперлер және шарлар түрінде естелік сыйлықтар алды. Заманауи техниканың көрсетілімі — бұл комбайндар, электромобильдер, әртүрлі деңгейдегі станоктар, роботтар мен дрондар. Іс-шара танымдық , қызықты өтті. Балалар жұмысшы мамандықтары туралы көп ақпарат алды, көптеген жаңа нәрселерді білді. Мұндай жұмыс тәжірибесін әр облыста, ауданда және мектептерде енгізу қажет.