


Онкүндіктің жоспары бойынша 8-сыныпта Қазақстан тарихынан педагог-зерттеуші К.Е.Аленова «Байтұрсынов – ұлт мұғалімі» және 5б сыныбында жас мұғалім А.Н. Краснопольская Оскар Уайльдтың «Бұлбұл мен раушан» атты сабақтары өткізілді.
Әрбір сабақ сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Жоспарлау кезінде оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері мен іс-әрекет қарқыны ескерілді. Сабақты нәтижелі және сапалы өткізу үшін қосымшалар, оқулықтар, жұмыс парақтары, тесттер және мультимедиялық қолдаулар пайдаланылды.
8-сыныпта сабақтың мақсатын қою кезеңі әңгіме, ауызша сөйлеуді дамыту, өз пікірін білдіру және оқиғаларға деген көзқарас арқылы өтті. Жаңа білімді игеруге оқушыларды іздеу жұмыстарына тарту арқылы қол жеткізілді, мәтінді оқу, зерттеу және талдау жүргізілді.
5-сыныпта сабақтың жарқын сәті сахналық қойылым болды. Балалар өз кейіпкерлерін өте жанды ойнады.Тақырыптың жалғасында «ертегінің соңын қалай өзгерткім келеді» атты шағын эссе жазуға шығармашылық тапсырма берілді.
Екі ұрпақ-сабақтың екі көрінісі. Бірақ олардың әрқайсысы тақырыпты өзінше ашып, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін орындады.
Тәжірибелі зерттеуші мен жас мұғалімнің ынтымақтастығы оқу үдерісіндегі пәнаралық әдістің маңыздылығын көрсетті. Мұндай сабақтар оқушылардың тарих пен мәдениетті тереңірек түсінуіне көмектеседі.