Психологиялық сабақ «Есею»

Мектеп оқушыларына жыныстық тәрбие беру аясында 5-сынып қыздары үшін мектеп психологы «Есею» тақырыбында сабақ өткізді. Әңгіме барысында есею кезеңіндегі өзекті мәселелер талқыланып, физикалық және психологиялық деңгейде қандай өзгерістер болатыны қарастырылды. Сонымен қатар, жеке гигиена, қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынас және басқа да мәселелер талқыланды. Қыздар белсенді түрде әңгімеге қатысып, ұсынылған тапсырмаларды орындады.

Қосымша ақпарат көздері