Үзіліс — бұл күлкі!
Үзіліс — бұл ойындар!
Үзіліс — бұл жүгіру!
«Бастауыш сыныптар мен тәрбиешілер» онкүндігі аясында 19 ақпанда
3-сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі А.О. Шарипованың жетекшілігімен қызықты үзіліс өткізілді. «Мемори» ойыны — есте сақтау, зейін және тапқырлықты дамытуда тамаша көмекші құрал. Балалардың көзіндегі күлкі, қуаныш пен жарқырау-біздің күш-жігеріміздің ең жақсы нәтижесі!