2025 жылдың 25 ақпанында 1 «Б» сыныбында «Уақыт» тақырыбы бойынша қызықты жаратылыстану сабағы өтті. Балалар уақыт деген не, оны қалай өлшейтіні және нақты уақытты білу неге маңызды екендігі туралы көптеген қызықты нәрселерді білді.
Сабақ эмоционалды көңіл – күйден және аптаның:«Жаңашылдық — заман талабы» — «Жаңалық-уақыт талабы» дәйексөзімен танысудан басталды. Оқушылар уақытпен бірге жүру және үнемі жаңа нәрселерді үйрену неге маңызды екенін талқылады.
Сабақтың күтпеген қонағы мұғалімнің айтуы бойынша, әрқашан біздің қасымызда болатын уақыт болды, бірақ біз оны жиі байқамаймыз. Балалар жұмбақты шешіп, сабақтың тақырыбын анықтады.
Оқушылар ежелгі адамдардың күн мен жыл мезгілдерін бағдарлағанын білді, бірақ қазіргі адам нақты уақытты білуі керек. Ол үшін адамдар уақытты өлшеудің әртүрлі құралдарын — сағат пен күнтізбені ойлап тапты. Біз әр түрлі сағаттармен таныстық — күн, су, құм, механикалық және электронды. Біз олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқыладық, сонымен қатар сағаттың не үшін қажет екенін және уақыт қандай бірліктермен өлшенетінін білдік.
Бірінші сынып оқушылары практикалық жұмыс орындады, онда әрқайсысы уақыттың қалай тез өтетінін сезінді. Олар құм сағаттары мен секундомердің бақылауымен өрнек құрастырып, кейін нәтижелерді талқылады. Балалар әлемде бір минут ішінде неше нәрсе жасалатыны туралы қызықты фактілерді білді және уақытты бағалаудың маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, олар апта күндерін еске алып, жұмбақты шешті, күнтізбенің не үшін қажет екенін және оны қалай пайдалану керектігін үйренді. Балалар мерекелер мен айларды анықтау бойынша тапсырмаларды орындады.
Сабақта балалар демалып, күш-қуат алуы үшін бейнероликті қолдана отырып, динамикалық үзіліс жасалды. Бұл балалардың көңіл-күйін көтеріп, сабақты одан әрі белсенді түрде жалғастыруға көмектесті.
Бірінші сынып оқушылары жұппен жұмыс істеп, әрекеттер мен оларды орындауға қажетті уақытты салыстырды. Содан соң олар жұмыс дәптерлерінде өз беттерінше тапсырмаларды орындады.
Сабақтың соңында оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, қорытынды жасады. Олар сабақ барысында не үйренгенін, уақытты анықтауға көмектесетін құралдар туралы және дәл уақытты білудің неге маңызды екенін айтып берді. Сонымен қатар, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен рефлексия арқылы бөлісті. Сабақ қызықты әрі білімді болды. Балалар уақыт пен оның өміріміздегі маңызы туралы көп жаңа нәрсе білді.