


27 ақпанда Смирнов №1 орта мектебі базасында «Заң және тәртіп» нормасын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша медиа жоспардың қорытынды іс-шара өткізілді.
«Жақсы істердің жаршысы бол» шығармашылық конкурсы 4 кезеңнен тұрды: бейнеролик, флешмоб, суреттер және эссе.
Конкурс жастар арасында патриоттық тәрбиені дамыту, заң мен тәртіпті қабылдау, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
2025 жылдың 3 ақпаннан 24 ақпанға дейін Аққайың ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Біздің мектеп бірінші орынға ие болып, құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықпен марапатталды. Біздің оқушылар барлық номинацияларға қатысып, бүгін өздерінің таланттарын көрсетті.