

28 ақпанда «Алғыс айту күні» аясында біздің мектепте бастауыш сыныптарға арналған сыныптан тыс іс- шара «Масленица» мерекесі өтті. Бұл күні балалар бір-біріне ризашылықтарын білдірді. Масленица-ересектер мен балалар күтетін дәстүрлі мереке. Ол көктемді қарсы алудың, қысты шығарып салудың айнымас символына айналды. Бұл орыс халқының дәстүрлі мерекесі — көңілді, шулы және өте дәмді мереке.
Іс-шара әндер, ойындар, жарқын киімдер және дәмді құймақтармен ерекшеленді. Мектептегі масленица — балаларды ата-бабаларының халықтық дәстүрлерімен таныстырудың тамаша тәсілі. Залда мерекелік көңіл-күй орнады. Кештен кейін барлығы бірге құймақ пен шай ішуге барды. Масленицаны мектепте осылайша көңілді атап өтті.