Университетке экскурсия

26 ақпанда М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де облысымыздың болашақ мектеп түлектеріне арналған экскурсия ұйымдастырылды. Осы күні біздің ауданнан экскурсияға 8 мектеп қатысты. №1Смирнов орта мектебінің оқушылары да бұл шарадан тыс қалған жоқ.

Экскурсия барысында оқушыларға факультеттер жәрмеңкесін аралап, мамандықтар бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, университетке түсу туралы қажетті ақпарат алуға мүмкіндік берілді. Кейін оқушылар арасында би батлы ұйымдастырылып, онда мектебіміздің оқушысы Сейткозиева Айнұр басты жүлделердің бірін – сымсыз колонканы жеңіп алды.

Шара студенттік асханада түскі аспен аяқталып, оқушылар нағыз студенттік өмірдің атмосферасын сезіне алды.

Қосымша ақпарат көздері