8 Наурызға арналған 2 «А» сыныбындағы мерекелік іс-шара

Көктемнің ең жылы әрі нәзік мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 2 «А» сыныбында мерекелік іс шара өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Ким Ирина Николаевна ұйымдастырды.

Оқушылар сүйікті аналарымен ұстаздарына арнап жарқын да әсерлі өнер көрсетті. Жиын барысында жүрекке жылы тиер өлеңдер оқылып, сүйіспеншілік пен алғысқа толы әсерлі әндер шырқалды. Балалар аналарына деген шынайы махаббатын жылы сөздерімен ғана емес, өнерлері арқылы да жеткізді.

Мереке әсерлі бимен аяқталып, барлық көрерменге жағымды көңіл-күй сыйлады. Іс-шара шаттық пен көктемгі көтеріңкі көңіл-күй аясында өтіп, қонақтардың жүрегінде жылы естеліктер қалдырды.

Қосымша ақпарат көздері