Ашық сабақ: «Наурыздың сәні – зергерлік бұйым»#nauryznama2025

12 ақпан 2025 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ислямбекова М.Б. 7-сынып оқушыларымен «Наурыздың сәні – зергерлік бұйым» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ халқының зергерлік бұйымдары мен ұлттық мәдениетімен таныстыру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтау дағдыларын дамыту.

Сабақтың басында оқушылар «Зергерлік бұйымдар» әдісі арқылы үш топқа бөлінді. Әр топ сақина, білезік және шашбау атауларын алып, сабақ барысында осы бұйымдар туралы мәлімет жинап, өз ойларын ортаға салды.

Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар зергерлік бұйымдар жайлы мәтінді тыңдап, оның мазмұнын талдады. «Портрет сөйлейді» әдісі арқылы ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдардың ерекшеліктерін зерттеді. Сонымен қатар, «Көгершіннен хат» әдісі арқылы оқушылар ұлттық зергерлік бұйымдардың маңыздылығы туралы ойларын жазып, өзара пікір алмасты.

Сабақ өте қызықты әрі танымдық бағытта өтті. Оқушылар зергерлік бұйымдардың тарихына үңіліп, олардың символдық мәнін түсінді. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Сабақ соңында «Торсық» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіліп, оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.

Осындай сабақтар ұлттық мұрамызды дәріптеп, оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етеді. Зергерлік бұйымдар тек әшекей емес, ата-бабамыздың өнері мен мәдениетінің айнасы екенін оқушылар жақсы түсінді.

Қосымша ақпарат көздері