



Наурыз мерекесі қарсаңында және қазақ тілі декадасы аясында қазақ тілі мұғалімдері көрісу күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастырды. Бұл күні мектеп ұжымы бір-бірімен жылы жүздесіп, қол алысып, амандық-саулық сұрасты.
Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі. Бұл күні адамдар реніштерін ұмытып, бір-біріне ізгі тілектерін арнайды. Ұйымдастырылған шара барысында көрісу күнінің маңызы түсіндірілді. Бұл мереке бірлікті нығайтып, қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрметті арттыра түсті.