Қош келдің, Наурыз!#nauryznama2025

Наурыз-табиғаттың жаңаруын, жақсылық пен бірлікті бейнелейтін Қазақстандағы ең жарқын және маңызды мерекелердің бірі. «Смирнов №1 орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында осы мерекені ерекше тебіреніспен қарсы алып, балаларды халықтық дәстүрлер атмосферасына енуіне мүмкіндік берілді.
Іс-шараның мақсаты:
Балалардың Наурыз мейрамы, оның салт-дәстүрі мен мәні туралы түсініктерін дамыту, мерекелік ойындарға, билерге, сергіту сәттеріне қатыстыру арқылы ұлттық мәдениетті құрметтеуге, достық қарым-қатынасқа, бірлікке тәрбиелеу.
Таңертеңнен бастап топта халық күйлері шырқалып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Тәрбиешілер мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Наурыз мейрамының мән-мағынасы, наурыз көже дайындау, игі істер жасау дәстүрі туралы әңгімеледі. Балалар «Қыз қуу», «Тұсау кесу» ұлттық ойындарына қуана қатысты.Олар ән айтып, би биледі. Мереке соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтты, өйткені Наурыз мейрамы жаңару мен келісім мезгілі.Мұндай іс-шара балаларды салт-дәстүрмен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген құрмет, достық сезімін және бірге тойлаудан қуаныш сезімін оятады!
«Смирнов №1 орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиешілері.

Қосымша ақпарат көздері