

Қасиетті Рамазан айы – игі істер мен қайырымдылыққа толы ерекше уақыт. Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп ұжымындағы ауыз бекіткен әріптестеріне арнап ауызашарға тәтті-дәмділер табыс етті.
Іс-шара барысында мұғалімдер рухани әңгіме айтып, оразаның маңызы мен берекесі жайлы ой бөлісті. Ұжым арасындағы бірлік пен сыйластықты нығайтатын мұндай игі істердің маңызы зор.