Сынып сағаты мақала#nauryznama2025, #аққайыңнаурыз #аккнаурыз

Смирнов №1 орта мектебінде Наурыз мейрамының «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. өткізуімен 6 «А» сынып оқушыларымен “Берекелі наурыз дастарханы” – атты сынып сағаты  өтті.

Наурыз – бұл тек қана жаңа жылдың басталуы емес, ол біздің халқымыздың терең тарихы мен бай мәдениетінің жарқын көрінісі. Наурыз айында әрбір үйде жайылған дастарханның өзі – берекелі өмірдің, татулық пен бірліктің символы. Мектебімізде ұйымдастырылған «Берекелі наурыз дастарханы» атты сынып сағатының мақсаты – жастарды ұлттық салт-дәстүрлерімізбен таныстыру, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен туысқандық қатынастарын нығайту болып табылады.

Наурыз мейрамы – ұлттың тарихы мен мәдениетінің маңызды бөлігі. Бұл мейрамды атап өту – бізге өткенімізді еске түсіріп, болашағымызға сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді. Сынып сағаты арқылы біз қазақ халқының қонақжайлылығы, дастархан мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуге шақырамыз. Наурыз тек жаңарудың белгісі ғана емес, ол біздің ұлттық бірлігімізді нығайтуға, халқымыздың тұтастығы мен ынтымағын арттыруға жол ашады.

 #nauryznama2025, #аққайыңнаурыз #аккнаурыз

Қосымша ақпарат көздері