


2025 жылдың наурыз айында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. онкүндік аясында З «Б» сынып оқушыларымен атақты тұлғаларды таныту және оларды шығармашылық тұрғыдан талдау мақсатында нәтиже сабағы өткізілді. Бұл сабақтың басты мақсаты — оқушылардың қазақ халқының көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және тұлғалық дамуындағы үлгілерді кеңінен қарастыру болды.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақ халқының мәдениеті мен тарихында із қалдырған тұлғаларды таныстыру.
2. Тұлғаларға қатысты оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.
3. Әдебиетке қызығушылықты арттыру және тіл байлығын дамыту.
4. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту, өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Сабақта оқушыларға қазақтың ұлы ақындары мен жазушыларының өмірі туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар өздері зерттеген тұлғалар туралы қысқаша мәлімет беріп, олардың шығармашылығындағы маңызды тұстарды атап өтті. Бұл кезеңде Д. Нұрпиісова, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Қастеев, Б. Момышұлы сынды тұлғалар туралы талқылау жүргізілді.
Оқушылар қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары туралы терең түсінік алып, олардың шығармаларын жоғары деңгейде бағалауға үйренді. Сабақ барысында көрсетілген шығармашылық жұмыстар мен талқылаулар оқушылардың қызығушылығын арттырды. Осылайша, онкүндік аясында өткен нәтиже сабағы оқушылардың жеке тұлғалық дамуында маңызды рөл атқарды.
Бұл сабақтың нәтижесінде, оқушылар тек қазақ тілімен ғана емес, сонымен қатар тарихпен, мәдениетпен де тереңірек танысып, ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренді.