


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Бимагамбетова Ж.О. мен Науразбаева А.У. басқаруымен қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Қазақшаңыз қалай?» атты викторина — Наурыз мейрамы мен қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында өткізілген ерекше шаралардың бірі болды. Бұл викторина әріптестер арасында қазақ тілін жетік меңгеруге ынталандырып, тіл үйренуге деген қызығушылықты арттырды.
Викторина барысында қатысушылар әдет – ғұрыпқа қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, «Лото» ойының сұрақтарына да көңіл бөлдік. Әр сұрақтың артында қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдер мен ойлар қамтылды. Бұл шара, әсіресе, жастар арасында қазақ тілінің байлығын сезінуге мүмкіндік берді.
Бұл шараның басты мақсаты — қазақ тілінің мәнін түсіндіру, оның маңыздылығын дәріптеу және ұрпақтан ұрпаққа тілдің мұрасын жеткізу болды. Сонымен қатар, бұл шара қоғамда қазақ тілін құрметтеуді, оны үйренуге және қолдануға деген қызығушылықты оятуды көздеді.
Бұл викторина арқылы біз қазақ тілін құрметтеу, оны сақтап қалу және ұрпаққа жеткізу міндетін орындауға бір қадам жақындадық. Тіл — ұлттың айнасы, ол тек сөйлесу құралы ғана емес, мәдениетіміздің басты байлығы екенін естен шығармай, осы бағытта жұмыстарымызды жалғастырамыз.