Балалар Наурыз мейрамының көптеген халықтар тойлайтын ең көне мерекелердің бірі екенін және ол күн күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіретінін білді. Бұл күннің дәстүрін еске түсірдік: наурыз көже – ерекше тағам дайындау, қонақтарды ізгі тілекпен қарсы алу, халық ойындары мен көңіл көтеру. Балалар көңілді сайыстарға қуана қатысып, ән айтып, би биледі. Мереке соңында барлығына дәмді бауырсақтар ұсынылды.
Бұл күн бізге үлкен қуаныш, жарқын эмоциялар сыйлап, достықтың, салт-дәстүрді құрметтеудің, бір-бірімізге қамқорлықтың маңыздылығын еске салды. Наурыз әр шаңыраққа бақыт, береке, жылулық әкелсін!
18 наурыз күні мектепалды даярлық сыныптары көктемнің, жаңару мен жақсылықтың мерекесі– Наурыз мейрамын қуанышпен, татулықпен атап өтті!#nauryznama2025
