Смирнов 1 орта мектебінің “Айналайын” шағын орталығында Наурыз мейрамы қарсаңында балалармен ұлттық ойындар өткізілді#nauryznama2025

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бимагамбетова Ж.О. бүлдіршіндермен ұлттық қыз қуу ойынын өткізді. Наурыз мейрамы – қазақ халқының көне дәстүрлерімен байланысты ең маңызды мерекелерінің бірі. Бұл мейрамды тойлау барысында халқымыз өздерінің ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлерін ерекше атап өтті.

Шараның негізгі мақсаты – балалар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындардың тарихын ұмыттырмай, оларды жаңғырту болды. Бұл күні орталықтың ауласында түрлі жарыстар мен ойындар өткізілді. Мәселен, “Қыз қуу”, “Арқан тарту”,  “Асық ату” сияқты дәстүрлі қазақ ойындары балалар арасында қызығушылықпен орында ды.

Шара барысында ұйымдастырушылар осы арқылы балаларға ұлттық мәдениетті таныстырып, оларды бір-біріне деген құрметке тәрбиелеуді көздеді.

Қосымша ақпарат көздері