


19 наурыз «Смирнов №1 орта мектеб і» КММ құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы келді.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Рашида Абаевна жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегудің алдын алу, сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділік (лудомания) мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, жеке және жол қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жалған терроризммен күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Саида Серікқызы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ осындай фактілер анықталған жағдайда не істеу керектігі және қайда жүгіну қажеттігі туралы ақпарат берді.
Одан кейін құқық қорғау органы қызметкері Руслан Маратович нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды.
Іс-шара оқушылардың ықтимал қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мектепте де, қоғамдық орындарда да жауапкершілікті және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталды.