8 сыныпта өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ#nauryznama2025

Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан көне әрі киелі мереке. Табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін білдіретін бұл күн – халқымыз үшін бірлік пен татулықтың, жақсылық пен берекенің символы. Дәл осы мерекенің мәні мен маңызын ашу мақсатында және қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 8-сыныбында 19 наурыз күні Науразбаева А. У. «Наурыз жырлары» атты ашық сабағын өткізді.

Сабақтың басты мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен мазмұнын түсіндіру, оның ерекшеліктерімен таныстыра отырып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу. Сонымен бірге оқушылардың тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамыту көзделді.Сабақ барысында түрлі белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар «Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл күйге енді. Сабақтың сөздік жұмысында аударма диктанты жүргізіліп, оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп, сөйлем құрауға машықтанды. Бұл әдіс оқушылардың сөздік қорын толықтырып, тіл байлығын арттыруға септігін тигізді.Сабақтың ең қызықты сәттерінің бірі – «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар ұлттық мерекені сипаттап, суретке қарап диалог құрды. Бұл тәсіл балалардың еркін ойлауына, ойын нақты жеткізуге және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.Сабақ соңында оқушылар мозайка құрастыру арқылы Наурыз мейрамына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Құпиялы зат», «Пантомима», «Еркін микрофон», «Асық» ойыны сияқты әдістер арқылы сабақ жанданып, ұлттық нақыш пен тәрбиелік мәнге ие болды.Осындай мазмұнды сабақтар арқылы оқушылар ұлттық салт-дәстүрді терең түсініп, құрметтеуді үйренеді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.

#nauryznama2025

#аққайыңнаурыз

#аккнаурыз

Қосымша ақпарат көздері