Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі#nauryznama2025

Наурыз – ежелден келе жатқан көктем мен жаңару мерекесі. Осыған орай мектепте «Жаңару күні» атты мерекелік шара өтті. Сахна ұлттық нақышта безендіріліп, қазақтың күйлері мен Наурыз әндері шырқалды.

Шара қазақ биімен ашылып, көрерменге «Қазақ қызы әдемі» көрінісі ұсынылды. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер сахналанды. Оқушылар «Тақия тастамақ», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Келін түсіру», «Сырға салу» дәстүрлерін көрсетті.

Әр сынып өз өнерін ортаға салып, ұлттық құндылықтар дәріптелді. Шара соңында жақсы тілектер айтылып, Наурыздың әр шаңыраққа бақыт пен береке әкелуі тіленді.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Жауапты: Бимагамбетова Ж.О., Науразбаева А.У.

Қосымша ақпарат көздері