«Әділ қоғам: саяси принциптер және құндылықтар жүйесі»

Екінші және үшінші сәуірде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы өткізген онлайн семинар — тренинг өтті. Семинарға 10 сынып оқушысы Абдуалиева Томирис қатысты. Семинар барысында балалар жетекші ғылыми қызметкер Мусина Назира Қасымжанқызының «Әділдік тұжырымдамасы: тарихи дәстүрлер мен заманауи модельдер» және «Әділ Қазақстан саяси бағдарламасы: тұжырымдамалық негіздер мен құндылық бағдарлары» тақырыптарындағы дәрістерін тыңдады. Одан әрі балалар тренингтерге қатысып, жаттығулар мен тапсырмаларды орындады, командалық ойынға қатысты және аға сарапшы Үмбетова Күнзия Ағымбайқызының жетекшілігімен өздерінің жобалық жұмыстарын қорғады. Семинар пайдалы, танымдық және ақпараттық болды. Әділеттілік тұжырымдамасына қатысты тақырыптар терең және дәлелді түрде ашылды. Нақты өмірден алынған иллюстрациялар мен мысалдар арқылы ұсынылған теңдік пен әділеттілік арасындағы айырмашылықтардың көрнекі түсіндірмесі балаларға ерекше әсер қалдырды. «Мен өзімді өз елімнің патриоты ретінде сезінемін, өйткені тек Қазақстанда ғана заңға, білімге және әр адамның өмір сүру деңгейіне көп көңіл бөлінеді», — дейді Томирис. Сондай-ақ, ол өзінің экологиялық жобасын үлкен жетістікпен қорғады және президенттік орталықтың алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша ақпарат көздері