
2025 жылдың 2 сәуірде Смирнов №1 орта мектебінде алтыншы сыныптардың 16 оқушысы арасында онлайн форматта «Мың бала» ұлттық олимпиадасының 1 кезеңі өткізілді, оған когнитивті ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттер кіреді. Кешенді тест логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған 40 сұрақтан тұрды және 90 минутқа созылды.
Тест нәтижелері 14 күн ішінде ресми сайтта жарияланады. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары балл жинаған ауылдық жерлерден бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтеді. Үздік оқушылар дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік алады. Олимпиаданың бес мың финалисті Вirge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады.