“Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  сандық технологияларды қолдану” семинары

3 сәуір күні “Ивановка орта мектебінде” қазақ тілі мұғалімдеріне арналған “ Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сандық технологияларды қолдану атты семинары өтті. Семинарға біздің ұстазымыз Науразбаева А.О. қатысты.Семинар барысында ұстаздар сандық технологияларды тиімді пайдалану,заманауи цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізу,педагогикалық шеберлікті жетілдіру бағытында тәжірибе алмасты. “Ғарышкер”, “Мағжан-ұлы” ашық сабақтары өтті.

Сондай-ақ “Қала-ауыл” жобасы аясында шеберлік арттыру мақсатында Петропавл қаласындағы №21 мектептің мұғалімдері қатысты.Іс шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Семинар ұстаздар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.

Қосымша ақпарат көздері