


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және кәсіптік бағдар беру мақсатында «Қиялы аграрлық колледжі» КММ ауданымыздың 9 сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді. «№1 Смирнов орта мектебі» КММ-нің оқушылары 2025 жылдың 3 сәуірінде колледжге экскурсияға барды. Алдымен колледж оқытушылары балаларды тәтті шаймен күтіп алып, содан кейін оқу ғимараты мен жатақханаға экскурсия өткізді. Одан кейін студенттер дәнекерші, тракторшы, аспаз және басқа да жұмысшы мамандықтар бойынша сабақтар қалай өтетінін көрсетіп, практикалық жүзінде таныстырды. Балаларға бұл іс-шара өте ұнады, ал кейбіреулері осы колледжге түсуді жоспарлап қойды.