«Көркем еңбек және бейнелеу өнері сабақтарын жаңартылған стандарт талаптары тұрғысынан жобалау» тақырыбында облыстық семинар өтті

10 сәуір күні «Смирнов мектеп гиназиясында» «Көркем еңбек және бейнелеу өнері сабақтарын жаңартылған стандарт талаптары тұрғысынан жобалау» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шара аясында бастауыш сынып мұғалімі Ким Ирина Николаевна «Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Семинардың мақсаты-бейнелеу өнері және көркем еңбек сабақтарында пәндік білімді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыру және дамыту бойынша жұмыс тәжірибесін жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістері арқылы тарату.
Ирина Николаевнаның сөз сөйлеуі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сабақта цифрлық технологияларды қолданудың практикалық әдіс-тәсілдерін ұсынып, жаңартылған стандарт талаптарына сәйкес оқу іс-әрекетін жобалау үлгілерін көрсетіп, әріптестерін заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдануға шабыттандырды.

Қосымша ақпарат көздері