


2025 жылдың 10 сәуірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған аудандық көркем өнерпаздар байқауына Смирнов №1 орта мектебінің ұжымы қатысты.
Байқау шарты мынадай қойылым түрлерін көрсету болды: көркем оқу, хореографиялық және театрландырылған шығармашылық, жеке және хормен ән айту. Қойылым барысында байқаудың барлық кезеңдері ескерілді. Мектеп ұжымы лайықты өнер көрсетті, оны қазылар алқасының мүшелері атап өтті.