«Қазақстан балалары» бастамасын іске асыруға байланысты 1 маусымда атап өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітапхана меңгерушісі Е.А. Иванко балалар әдебиетінің көрмесін дайындады.
Жас оқырмандар іс-шараға қызығушылықпен қатысып, қазақ және шетел тілдерінде ұсынылған әртүрлі ертегілер мен шығармалармен танысты. Іс-шара барысында буккроссинг өтті, балалар өздерінің сүйікті кітаптарымен қуана алмасып, үлкен әсер алды.
«Қазақстан балалары»#Қазақстанбалалары
