Бірінші мамырда Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, корейлер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және басқа да көптеген ұлттар кіреді . Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ бірге біздің Республикамыздың аумағында олар бір тату халық. Бұл бірінші мамыр мерекесінің мәні. 27 сәуірде «Смирнов №1 орта мектебі» КММ-де 4 «А» сынып оқушылары осы мереке қарсаңында салтанатты жиын өткізіп, республика халықтарының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті мен тұрмысы туралы түрлі-түсті ақпарат ұсынды.