Мектептің тазалығы мен әсемдігіне қамқорлық!

2025 жылдың 19 маусымда « №1 Смирнов орта мектебі» КММ педагогикалық ұжымы мектеп ауласында сенбілік өткізді. Мұғалімдер бірігіп аумақты абаттандыруға шықты: клумбалардағы арамшөптерді жұлып, шөп шауып, жасыл аймақтарда тәртіп орнатты.Мұндай іс-шаралар мектептің сыртқы келбетін жақсартумен қатар, ұжымның командалық рухын нығайтуға да ықпал етеді. Өз үлгілерімен мұғалімдер оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың және ортақ іске үлес қосудың маңыздылығын көрсетеді.Тазалық пен тәртіп тек мектеп ауласында ғана емес, әр адамның жүрегінде де орнасын!

Қосымша ақпарат көздері