2025 жылдың 13 маусымда «№1 Смирнов орта мектебі» КММ-де 9-сынып оқушыларына аттестат тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.Іс-шараның басында мектеп директорының міндетін атқарушы оқушыларды білім жолындағы алғашқы маңызды кезеңмен құттықтап, олардың еңбегі мен жетістіктерін атап өтті, сондай-ақ алдағы таңдауда — мектепте оқуын жалғастыру немесе колледжге түсуге— сәттілік тіледі.Аттестаттар тапсырылғаннан кейін мереке тоғызыншы сынып оқушылары дайындаған әсерлі музыкалық нөмірлермен жалғасты. Балалардың шығармашылық өнері кештің сәніне айналып, көрермендерге жылы әсер қалдырды.Ата-аналар да шетте қалмады. Олар мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға шын жүректен алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Сынып пен мектеп өміріне белсене араласқандары үшін ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.Бұл салтанатты сәт тек мерекелік іс-шара ғана емес, сонымен қатар балалық шақтан ересек және жауапты өмірге маңызды өткелдің белгісі болды. Осы күні әрбір тоғызыншы сынып оқушысы қолына аттестатпен бірге мектеп жылдарындағы жарқын естеліктерді де ала кетті.
Тоғызыншы сынып оқушылары алғашқы аттестаттарын алды
