«Кинетикалық құммен ойындар»

2025 жылдың 25 маусымда Смирнов орта мектебінде мектепалды жазғы сауықтыру алаңында кинетикалық құммен қызықты сабақ өтті. Балалар үлкен қызығушылықпен мүсін жасап, құмнан қамалдар тұрғызып, жолдар мен тұтас құм әлемдерін құрастырды.

Мұндай ойындар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, ұсақ моториканы, қиялды, зейінді және шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Құммен жұмыс жасау болашақ бірінші сынып оқушыларының жазуға дайындығы мен сезіну қабілетін арттыру үшін аса пайдалы.

Сабақ жылы әрі достық атмосферада өтті. Балалар көптеген жағымды эмоция алды және келесі қызықты шараларды асыға күтуде!

Қосымша ақпарат көздері