«Мультфильммен өткен күн»

2025 жылдың 26 маусымда Смирнов орта мектебі жанындағы жазғы сауықтыру алаңында танымдық және қызықты күн өтті. Алаң тәрбиленушілері жайлы сыныпта жиналып, мейірімді әрі тәрбиелік мәні бар мультфильмді тамашалады. Балалар оқиғаны қызығушылықпен бақылап, кейіпкерлерге жанашырлық танытып, өз әсерлерімен бөлісті.

Көрсетілімнен кейін қызу талқылау ұйымдастырылды: балалар кейіпкерлердің әрекеттері туралы өз пікірлерін білдіріп, достық, өзара көмек және әділдік туралы ой қозғады. Тәрбиешілер әңгімені дұрыс бағытқа бағыттап, сұрақтар қойып, балаларды ойлануға ынталандырды.

Мұндай іс-шаралар тек жағымды эмоциялар сыйлап қана қоймай, балалардың сыни ойлауын, талдау жасау қабілетін, сезімдерімен бөлісуді және өзгелердің пікіріне құрметпен қарауды дамытуға ықпал етеді. Күн жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер мен жаңа білім сыйлады.

Қосымша ақпарат көздері