«Күшті көпіршіктер»

2025 жылдың 27 маусымда Смирнов орта мектебіндегі жазғы сауықтыру алаңында «Күшті көпіршіктер» атты ерекше жарқын әрі көңілді күн өтті. Балалар қуанышпен көпіршік шоуына қатысып, алып сабын көпіршіктерін ұшырып, қай баланың көпіршігі ең үлкен әрі мықты болатынын жарыса отырып анықтады.

Көңілді күлкі, күн шуақты көңіл-күй және көпіршіктердегі кемпірқосақ бұл күнді ұмытылмас етті. Мұндай іс-шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қозғалыс координациясын, қиялды және ұжымдағы достық атмосфераны дамытуға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері