«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында №1 Смирнов орта мектебінде Аққайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Дюсенбинов Нұрсұлтан Есілбайұлының 10- 11-сынып оқушыларымен танымдық әңгімесі өтті.
Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі жоғары сынып оқушыларына салықтардың мемлекет пен әрбір азамат өміріндегі рөлі туралы, салық міндеттемелерін адал орындаудың маңыздылығы туралы, сондай-ақ қаржылық сауаттылықтың — жеке қаражатты дұрыс басқару, бюджетті жоспарлау және жауапкершілігі мол қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларының негіздері туралы айтты.
Балалар әңгімеге белсенді қатысып, қызықты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен және өмірлік мысалдарымен бөлісті. Оқушылар салық жүйесін цифрландыру тақырыбына және азаматтарға арналған заманауи онлайн-сервистердің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Іс — шара соңында оқушылар Мемлекеттік кірістер басқармасының өкіліне мазмұнды және қолжетімді әңгіме үшін алғыс білдіріп, мұндай кездесулер ел экономикасының қалай жұмыс істейтінін және «Адал азамат» болу неліктен маңызды екенін жақсы түсінуге көмектесетінін атап өтті.
