Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын

24 қазан күні, Қазақстан Республикасының күні мерекесі қарсаңында, біздің мектептің бастауыш буынында осы мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. 2 «А» сынып оқушылары және И.А. Попованың жетекшілігімен барлық балаларға арналған құттықтау дайындады. Жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар өлеңдер оқып, қонақтармен бірге «Қоян мен бота» атты ертегіні құрастырып, оны мемлекеттік тілге аударды. Іс-шара «Менің Отаным – Қазақстан!» атты әнді бірігіп орындаумен аяқталды. Бұл шара оқушылардың отансүйгіштік сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін және елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Қосымша ақпарат көздері