
2025 жылдың 28 қазанында №1 Смирнов орта мектебінде «Ұлттық диктант» республикалық жобасы аясында жалпы мектеп қызметкерлері қатысқан ауқымды шара өтті. Бұл іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын дамыту және тіл мәдениетін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
«Ұлттық диктант» – еліміздің түкпір-түкпірінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-ағартушылық жоба. Мектебімізде өткен шарада қызметкерлерде, мұғалімдер де белсенділік танытып, өздерінің сауаттылық деңгейін сынға салды.
Мектебімізде өткен бұл шара – қызметкерлердің тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосылған үлес деп білеміз.
