Күзгі демалыс пайдалы өтті: 5 «А» сынып оқушыларының Петропавл қаласына экскурсиясы

5 «А» сынып оқушылары Петропавл қаласына қызықты экскурсиялық сапар жасады. Сапар барысында оқушылар ботаникалық баққа барып, өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен танысты, обсерваторияға барып, ғарыш және астрономия туралы көптеген жаңа мәліметтер алды.

Сондай-ақ, оқушылар Абылай ханның тарихи резиденциясын тамашалап, өткен дәуірдің атмосферасына еніп, туған өлке тарихы бойынша білімдерін толықтырды. Экскурсия Avenue Park ойын-сауық орталығында көңілді демалыспен аяқталды.

Күзгі демалыс пайдалы өтті: балалар демалып қана қоймай, жаңа әсерлер мен тың білімдерге ие болды.

Қосымша ақпарат көздері