Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиада өтті

2025 жылдың 26 қарашасында №1 Смирнов орта мектебінде 5–11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін анықтау және дарынды оқушыларды аудандық кезеңге іріктеу.Олимпиадаға барлығы 20 оқушы қатысты. Олар өз білімдерін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сынап, үздіктер анықталды. Жеңімпаз атанған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.1-орын иегерлері: — Ордуханова И. – 5 сынып — Кириченко С. – 6 сынып — Ли В. – 7 сынып — Магаметова Л. – 9 сынып — Кеда А. – 10 сынып Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Алда өтетін аудандық олимпиадада сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері