«Антибиотиктер және олардың қауіпсіз қолданылуы» атты әңгіме»

Денсаулық апталығы аясында мектебімізде оқушыларға арналған «Антибиотиктер. Бақылаусыз қолданудың қаупі» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Әңгіменің мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және антибиотиктерді дұрыс қолдану туралы шынайы білім беру.Кездесу барысында оқушылар мыналарды білді: • антибиотиктердің не екенін және олар нақты қандай жағдайда қажет болатынын; • вирус жұқпаларында антибиотиктердің неге тиімсіз екенін; • өзін-өзі емдеудің және дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолданудың қандай қауіптері бар екенін; • антибиотиктерге төзімділік (резистенттілік) дегеніміз не және неге бұл жаһандық проблемаға айналып отырғанын.Материалды көрнекі түрде түсіндіру үшін медбике А.А. Добычина антибиотиктердің әрекет ету механизмі мен оларды дұрыс қолданбаудың салдары туралы оқу видеосын көрсетті. Бейнероликтен кейін оқушылармен талқылау жүргізілді.Әңгіме оқушылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, дәрігер кеңесінің маңыздылығын және дәрігер нұсқаулығын сақтаудың қажеттігін түсінуге ықпал етті.Іс-шара жылы және достық атмосферада өтіп, оқушылар тарапынан оң бағасын алды.

Қосымша ақпарат көздері