ЖРВИ және тұмаудың алдын алу: оқушыларға арналған әңгіме

Мектепте ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мақсатында эпидемиологиялық кезеңде денсаулықты қорғау және сақтану шаралары жөніндегі оқушылардың хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық әңгімелер жоғары сынып оқушылары және бастауыш сынып балалары арасында өткізілді.
Әңгімелерді мектеп медбикесі А. А.Добычина жүргізіп, ол оқушыларға ЖРВИ мен тұмаудың белгілері туралы, сондай-ақ алғашқы симптомдар пайда болған кезде дұрыс әрекет ету жолдары туралы толық түсіндіріп берді. Ерекше назар профилактикалық шараларды сақтауға аударылды: қолды тұрақты түрде жуу, бөлмелерді желдету, қашықтықты сақтау және қажет болған жағдайда жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Оқушыларға өз денсаулығына мұқият қараудың және денсаулық жағдайы нашарлаған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы еске салынды.
Мектеп жұқпалы аурулардың алдын алу және оқу үшін қауіпсіз жағдайлар жасау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Қосымша ақпарат көздері