9-11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысу

18 желтоқсан күні Смирнов мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиадада мектебіміздің намысын қорғағандар:

  • Магаметова Лола – 9 сынып
  • Игимбаев Мадияр – 9 сынып
  • Колесниченко Виолетта – 10 сынып
  • Кеда Анастасия – 10 сынып
  • Дробова Мария – 10 сынып
    Оқушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, жеңіске деген ұмтылыс пен пәнге деген қызығушылықтарын танытты.
    Барлық қатысушыларға алдағы уақытта шабыт, сенімділік, табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері