Сапалы білімге қарай қадамдам

2026 жылдын 6 қаңтарда «№1 Смирнов орта мектебі» КММ-де педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте білім беру үдерісінің негізгі мәселелері қарастырылып, атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.Оқушылардың білім сапасының көрсеткіші бірінші тоқсанмен салыстырғанда 49,2 %-дан 53,9 %-ға дейін артты. Білім сапасының жоғарылауы педагогтердің кәсіби шеберлігіне, әр оқушыға жеке көзқарас танытуына және заманауи оқыту әдістерін белсенді қолдануына байланысты.Сонымен қатар олимпиадаларға, байқауларға және ғылыми жобаларға белсенді қатысатын оқушылардың жетістіктері атап өтілді. Оқушылар жоғары білім деңгейін және дамуға деген ұмтылысын көрсетуде. Мұндай іс-шараларға дайындық педагогтердің қолдауымен жүргізіліп, әр баланың жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру және оқушылардың әлеуетін дамытуға бағытталған алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Қосымша ақпарат көздері