8 қаңтар №1 Смирнов орта мектебінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар жөніндегі инспектор, КТЖ инспекторы С.С Үкметованың қатысуымен Қауіпсіздік бойынша бірыңғай сабақтар өткізілді.Интерактивті диалог барысында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығын өткізу тәжірибелік шаралардың бірі екені айтылды. Бұл айлық қоғамның барлық қабаттарын – білім беру ұйымдарын, бизнесті және тұрмыстық деңгейді қамтиды. Қылмыстардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде: әсіресе ойын-сауық орындарының маңында патрульдеу күшейтілді, алкогольдің заңсыз сатылуына тосқауыл қойылуда, заңсыз көші-қонға, есірткі притондарына, интернет-алаяқтыққа, мал ұрлығына қарсы күрес жүргізілуде. Оның айтуынша, құқықтық мәдениетті арттыру азаматтық қоғам институттарынан бастап әрбір адамға дейін барлық салалардың қатысуынсыз мүмкін емес. Негізгі мақсат – қауіпсіз ортаны қалыптастырып, құқықтық тәртіпті нығайту.Одан кейін «Құқық пен тәртіп» фракциясының жауаптысы Судьин Андрей Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары мен міндеттерімен таныстырды.Мектеп омбудсмені Абдубалиева Томиристің баяндамасы буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында зиянды әдеттерге тұрақты әрі теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.Қорытындылай келе, аталған іс-шаралар білім алушыларды әлеуметтік белсенділік пен шығармашылыққа ынталандырып, бастамашылдық пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелейді, демократиялық мәдениетті қалыптастырады.
«Заң мен тәртіп» құқықтық тәрбие айлығының ашылуы#Адал_азамат #Заңментәртіп
